Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с болады. Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с болады.
07:21, 13 Сәуір 2015
Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 cәуірде республиканың батыс және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын ( көбінесе жаңбыр), тұман, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағай күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.