Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.
Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтобе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с күтіледі. Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.