Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Еліміздің қалған аймақтарына антициклон әсер ете бастайды, сондықтан жауын-шашын болмайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел күшйіп, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ. Жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Кей жерлерде бұрқасын болады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Шығыс Қазақастан облысында бұрқасын көтеріледі.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.