27 маусымда Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Айта кетейік, Алматыда жағымсыз метеоахуал бірнеше күннен бері қалыптасып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.