Дүйсенбіде ел өңірлерінде температура -12 градустан төмендемейді- Қазгидромет

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-нің мәліметіне сүйенсек, 4 ақпан, дүйсенбі күні республика бойынша ауа температурасы -12 градустан төмендемейді.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында - 0...-2 градус, қар, Маңғыстау облысында 3...5 градус жылы, күн ашық болады.

Ақтөбе облысында -6...-8, Солтүстік Қазақстанда -9...-11, Ақмола, Павлодар облыстарында -7...-9, бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Қостанай облысында -10...-12, ауыспалы бұлтты, қар жауады. Қарағанды өңірінде -6...-8, бұлтты.

Алматы облысында -2...-4, кей аумақтарда қар жауады, ауыспалы бұлтты, Шығыс Қазақстанда 0...-2, бұлтты.

Қызылорда облысында -5...-7, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 0... 2, ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар жауады.

Алматы қаласында 1... 3, бұлтты, жаңбыр жаууы ықтимал, Астанада -8...-10, ауыспалы бұлтты.