Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.