Кәсіпорынның мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Семей, Орал және Өскемен қалаларында болады.
Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.