Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің күшеюі күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде жаолдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, желдің күші 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.
Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
01:37, 14 Мамыр 2018
Дүйсенбіде Қазақстанда жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде ашық күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.