Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, күндіз күн күркірейді, желдің күші 15-20 м/с.
Атырау облысында кей жерлерде күн күркірейді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді.
Алматы облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, таулы аудандарда күн күркірейді.
Павлодар облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, күндіз күн күркірейді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.