Алматы облысында кей жерлерде тұманды болады, Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с-қа, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін күшеюі сақталады.
Ақтөбе, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар облысында жел 17-22 м/с-қа дейін, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.