Дүйсенбіде Қазақстанның солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қазақстанның солтүстік өңірлерінде атмосфералық ағындардың өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады.

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.