Дычконың бапкері жанкүйерлерге алғыс білдірді
11:51, 30 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иван Дычконың жаттықтырушысы Дерик Сантос-Росарио қазақстандық аса ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберінің дебюттік айқасында оны қолдап отырған жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«DSBoxing-ті қолдаған жанкүйерлердің барлығына рахмет! Бірінші раундта техникалық нокаут!» - деп жазды Сантос Инстаграмдағы парақшасына.
Еске сала кетсек, Иван Дычко кәсіпқой рингтегі карьерасын бірінші раундта америкалық Эйбур Райтты ойсырата жеңіп, сәтті бастады.