Оның айтуынша, қазақстандық шоуға арналған костюмдер 300 бөлшектен тұрады. «Барлық костюмдер, техникалық құрылғылар және декорациялар Қазақстанға 25 контейнермен жеткізілді. Олардың бір бөлігі кемемен, екінші бөлігі жүк машинасымен әкелінді», - деді ол.
Қазіргі уақытта Астанада әйгілі канадалық цирк 16 маусым күні ЭКСПО алаңында өтетін шоуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұйымдастырушылар көптеген тосын сыйлар болады деп сендіреді.
фото: @Мухтар Холдорбеков