Дю Солей циркінің негізін қалаған Сен-Круаның ұлы сахнада ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дю Солей циркінің (Cirque du Soleil) негізін қалаушылардың бірі және вице-президенті Жиль Сен-Круаның ұлы сахнада жазатайым оқиғадан мерт болды., деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Би-би-сидің жазуынша, 43 жастағы Оливье Рошетт сейсенбі күні көз жұмды, оны сахнада көтергіш құрылғы басып қалған.

Рошетт техникалық жұмысшы болып еңбек еткен, ол Сан-Францискода өтетін Luzia спектакліне сахнаны безендіріп жүрген. «Оливье біздің сүйікті әріптесіміз және кішігірім жанұямыздың бір мүшесі еді», - деді Cirque du Soleil атқарушы директоры Дэниел Ламарр.

Айта кетейік, 2013 жылы Лас-Вегастағы шоу кезінде 28 метр биіктіктен құлаған Сара Гийяр-Гийо қаза тапқан еді. Ол кезде қауіпсіздік белдігі өз функциясын атқармай қалған болатын. Циркке айыппұл салынды.

Cirque du Soleil 1984 жылы Канадада құрылған.