Прокуратураның айтуынша, полиция 28 жастағы ұшқыштың Рейнланд-Пфальц федералдық жеріндегі Монтабаур қаласындағы үйінен медициналық қызметкерлер өткізген емдеу сеанстары жазылған карталарын тапты.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні 4U 9525 рейсімен Барселонадан Дюссельдорфқа ұшқан Germanwings әуе компаниясының жолаушылар ұшағында 150 адам болған.
Ұшақ Любицтің сыртқа шығып кеткен ұшқыштың артынан кабинаның есігін жауып алып, ұшақты штаттық емес төмендетуге кіріскенінен кейін Альпі жерінде апатқа ұшыраған.