10:47, 21 Сәуір 2009
Дж.Вашингтон атындағы университетте қазақстандық студенттер үшін «бос қызмет орындарының жәрмеңкесі» өтті ? Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат – Американың Дж.Вашингтон атындағы университетінде қазақстандық студенттер үшін «бос қызмет орындарының жәрмеңкесі» өтті.
Бұл шараны
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Қазақстан-америка іскерлік қауымдастығы мен Қазақстан студенттерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа елшіліктің баспасөз қызметінен. Жәрмеңкеге АҚШ-тың түрлі штаттарынан келген 100-ден астам қазақстандық студент пен қазақстандық нарықта табысты жұмыс істеп жатқан «Шеврон», «Эксон Мобил», «Дженерал Электрик», «Халлибертон», «МакДермот» сияқты американдық компаниялардың басшылары қатысты. Бұл кездесуді өткізудегі мақсат ? американдық компанияларға Қазақстанның кадрлық әлеуеттерін және қазақстандық студенттерді республика нарығындағы американдық бизнестің қызметімен, сондай-ақ біздің еліміздің экономикасының түрлі секторындағы жағдаймен, әсіресе техникалық және басқа да сұраныс көп мамандықтар бойынша жағдаймен таныстыру болды. Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысов, осындай кездесуді жыл сайын өткізіп отыру туралы ұсыныс жасады және мұндай шаралардың қазақстандық студенттерге жақсы қолдау болатынын айтты.