Басылым мәліметінше, әсіресе қаланың солтүстік аудандарындағы жағдай ауыр – мұнда ауадағы зиянды заттардың концентрациясы шекті деңгейден асып кеткен.
Қаланың экологиялық ахуалына ең үлкен залалды 6 800 өнеркәсіптік кәсіпорын келтіруде. Олардың түтінді қалдықтары ауаны айтарлықтай ластап отыр.
Бұдан бөлек, ешқандай экологиялық бақылаусыз жұмыс істейтін заңсыз өндіріс орындары жағдайды одан әрі күрделендіруде.
Жергілікті билік өкілдері егер қазіргі жағдай сақталатын болса, халықтың денсаулығына төнетін қатер бұдан әрі де ұлғаюы мүмкін екенін ескертуде.
Айта кетейік, Индонезияда Левотоби Лаки-Лаки жанартауы тағы атқылады.