ФИФА конгресінің делегаттары сәрсенбі күні Парижде осындай шешім шығарды. Бұдан бұрын олар ұйым кеңесінің қағаз жүзінде дауыс беруден бас тарту туралы ұсыныс қолдап, Инфантиноны аккламация - қол соғып, шапалақтау арқылы сайлады.
Инфантино барлығына алғыс айтып, ФИФА-да жұмыс істеудің үлкен құрмет екенін атап өтті.
49 жастағы Инфантино ФИФА президенттігіне жалғыз үміткер болды. Ол бұл ұйымды 2016 жылдан бері басқарады. Бұған дейін ФИФА-ға ірі жемқорлық дауы салдарынан жұмыстан шығарылған Йозеф Блаттер басшылық еткен болатын.