Салтанатты шара жексенбі Амстердамда өтті. Сыйақыны табыстау шарасының тікелей трансляциясы интернет-сайт арқылы жүргізілді.
Сыйақының 16 аталымы бар. Оларды көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. Өткен жылы Бибер үш аталымда жеңімпаз атанған еді. Биыл ол 2013 жылдың «үздік орындаушысы» мәртебесін ғана сақтап қалды.
Ал «Үздік орындаушы әйел» ретінде көрермендер американдық әнші Кети Пэрриді атады. Бруно Марстың "Locked Out of Heaven" шығармасы «Үздік ән» болып танылды.