Джастин Тимберлейк Billboard Music Awards-тың жеті сыйлығына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Джастин Тиберлейк жексенбі күні Billboard Music Awards-дың жеті сыйлығына ие болды. Беделді музыка марапаттарын табыстау Лас-Вегаста өтті.

Тимберлейк сонымен бірге «Жылдың үздік әртісі» аталымын да жеңіп алды. Бұл шарадағы ең есте қалғаны: поп музыканың королі Майкл Джексонның сахнаға шығуы болды: көрермендерге оның голограммасын аты аңызға айналған әншіден айыру қиын тиді. Жұртшылықтың сұрауымен Тимберлейк марқұм болған әншінің осыған дейін айтылмай келген "Slave to the Rhythm" шығармасын тағы бір рет орындады.

Billboard Music Awards жыл сайын тапсырылады. Grammy және American Music Awards-бен бірге бұл АҚШ-тағы ең беделді музыкалық сыйақы болып табылады.