Оның ұжымдық - төрт кәріс және бір қытайлықтан тұратын дебюттік альбомы ағымдағы жылы 24 наурызда жарық көреді. Джеки Чан жеке өзі жаңа ұжымға қатысушыларды тыңдаумен шұғылданды. Сондай-ақ альбомның продюсері болды және алдағы уақытта JJCC тобынан жетекшілік жасамақ. Jackie Chan Group South Korea компаниясы өкілінің айтуынша, бұлардың болашақта Чанмен бірге киноэкрандарда көрінулері де ғажап емес.
Айта кетер жайт, актер Джеки Чан 1984 жылдан бері әнші ретінде де жұртқа танымал. Бірнеше альбомдары шықты. Бейжің Олимпиадасына арналған соңғы дискісі 2008 жылы қытай тілінде жарық көрді. Сондай-ақ ол Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімінде ән салған болатын.