Джеки Чан Астанада қыз баланың тұсауын кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға қонаққа келген әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер әрі сценарист Джеки Чан қыз баланың тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Джеки Чан балалардың тұсауын кесті!», - деп жазды видеоны Instagram желісіне жүктеген Videogram_kaz тобы.

Қысқа бейнетүсірілімде актер қазақ киімін киген қыз баланың аяғына байланған ала жіпті кесіп, оның бетінен сүйеді. Сондай-ақ видеодан қазақ көйлегіндегі тағы бір қыз баланың тұсауы кесіліп жатқанын көруге болады.

Еске салайық, танымал актер Астанаға 7 маусым күні Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысу үшін келген болатын . Оны қала әкімі Әсет Исекешев әуежайдан күтіп алды.

Джеки Чан Қытайдағы «Singer» байқауына қатысқан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді қолдаған болатын . Өз кезегінде Димаш оны «үлкен ағам» деп жазған еді.  

Джеки Чан кинофестивальдің ашылу салтанатына арналған баспасөз мәслихатында Димаш керемет кино актері бола алатынын айтты. «Теледидардан Димаштың керемет дауысын естіп, жас таланттың өнеріне тәнті болдым. Кейін ол менің фанатым екенін білдім. Әрине, мен оны кино саласында өте тамаша актер болады деп ойлаймын», - деді ол ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере келе.

Сондай-ақ актер Қазақстанда фильм түсіруді армандап жүргенін және осында кунг-фу мектебін ашу ниеті туралы айтты.

Джеки Чан кинофестивальдің ашылу рәсімінде «Отан» әнін шырқағаннан кейін сахнаға Димаш Құдайберген шығып , «Singer» байқауында орындаған қытайша «Күзгі мұң» әнін айтып берді.

Джеки Чан балалардың тұсауын кесті! #jackiechan ___________________________________________________ОТПРАВЛЯЙТЕ ВИДЕО В ДИРЕКТ! ......... #Шымкент #Актау #Атырау #Актобе #Тараз #Кокшетау #Семей #Караганда #Орал #Талдыкорган #Алматы #videogram_kaz #Қызылорда #iloveshymkent #Павлодар #Астана #Өскемен #video #videooftheday #videogram #Жезқазған #ДжекиЧан #dears #Dimash #thesingerdimash #Astana #Expo #Экспо #тұсаукесу

Публикация от Kazakhstan KZ @iloveshymkent (@videogram_kaz) Июн 8 2017 в 5:24 PDT