деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, режиссер де, продюссер өзі Джеки Чан «Касперский зертханасымен» жылдық жарнамалық келісімшарт жасап отыр. Осынау келісімнің аясында ол екі жарнамалық ролик түсіреді. 80 секундқа созылатын алғашқы роликте Джеки Чан Евгений Касперскиймен танысады да, вирустармен күресу үшін киберәлемге аттанады. Актердің дәстүрлі шеберлігіне бұл жолы «Касперский зертханасының» өнімдері қолдау болады.
Ресейлік антивирустың жарнамасы «Касперский зертханасының» өкілдігі бар барлық елде көрсетіледі, бірақ роликтің толық нұсқасы тек Қытайда және Азияның бірқатар елдерінде көрсетілетін болады.