АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер Джеки Чан қатысатын «Құдіретті сауыт» фильмінің түсірілімі Қазақстанда өтеді.
Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ.
Жобаны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фильмнің кезекті бөлімінің түсірілім алаңы ретінде Қазақстан таңдалған. Бұл шешім Бейжіңдегі келіссөздерден кейін қабылданған.
Айта кетейік, «Құдіретті сауыт» франшизасы алғаш рет 1986 жылы жарық көрді. Экшн мен шығыс комедиясын үйлестірген туынды актерді әлемдік жұлдызға айналдырды.
Еске салайық, бұған дейін Джеки Чанның Алматыға келгенін хабарлаған едік.
Кейінірек танымал актер Алматыдағы түсірілім алаңдарын өзі таңдағынын айтты.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.