Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады

Фото: None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық танымал актер Джеки Чан Астанада Қытайдың кинофестивалін ашып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джеки Чан ашылу салтанатына қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін шырқады. Актер бұл ән отаншылдыққа баулитынын, сондай-ақ, барлық адам өз отанын сүю керек екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Джеки Чанның ән шашуынан кейін Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шығып, «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін айтып берді.

Еске сала кетейік, әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам - Джеки Чан кеше алғаш рет Астанаға аяқ басты. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.