Джеки Чан «Шаолинь храмы» фильмінде ойнайды

АСТАНА. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат - Джеки Чан «Шаолинь храмы» деп аталатын атақты фильмінде басты рольдердің бірін сомдайтын болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Жоба Шаолинь монастырында болған арнайы салтанатта таныстырылды. Оған картинаны қаржыландыруға ниет танытып отырған Emperor Motion Pictures және China Film Group киностудияларының басшылары және монастырь қызметшісі қатысты.

Фильмнің бюджеті 29 миллион долларға бағалануда.