Джеки Чан түскен халықаралық фильмнің Қазақстандағы түсірілімі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда «Доспехи Бога. Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі аяқталды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, түсірілім Алматыда, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтті. Басты рөлді сомдаған Джеки Чан Қазақстандағы түсірілім жұмыстары туралы айтып, осы жобаның ерекшелігіне тоқталды.

Қатысушылар шетелдік түсірілім топтарын қызықтыратын табиғи аймақтарды атап өтіп, Қазақстанда халықаралық киножобаларды көбейтудің жолдарын талқылады. 

Фильм халықаралық прокатқа шығады. 

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қарин Джеки Чанмен халықаралық киножобаның болашағын талқылағанын жазғанбыз.