Олар Чанға алғыс айтып, керемет сәттерді еске алды. Джеки Чанмен бірге қызмет еткен каскадерлар онымен бірге жұмыс жасаудың бір ғанибет екенін мәлімдеді. Одан бөлек, Чан өзінің біршама әріптестеріне қолұшын созған көрінеді, кейбіреулеріне машина сыйласа, ал тағы біреулеріне үй сатып алу үшін ақша беріп тұрған.
Джеки Чан көзіне жас алып, видеоны тамашалап отырғанда, оның бұрынғы әріптестері оған білдірместен сахнаға шығып, жас каскадерлармен орын ауысады. Джеки роликті соңына дейін тамашалап болғаннан соң, барлығына алғысын білдіріп: «Мен кино әлеміндегі еңбегім үшін Оскар алсам да, бұл марапат барлығымыздың жемісіміз», - деді ол.
Чан жасы келген каскадерлардың орнын жастардың басып жатқандығын айтып, қолымен артында тұрғандарды нұсқағанда, ескі достарын көреді. Видео барлығының қауышып, қуаныштан көз жастарына ерік берген сәтімен аяқталады.