32 жастағы музыкант және актер Джэйси Чан (Чэнь Цзумин) өзге адамдардың есірткі пайдалануына жағдай жасағаны үшін айыпталып отыр. ҚХР заңдары бойынша, енді ол 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың тамыз айында полиция Джэйси Чанның үйін тінту кезінде 100 грамм марихуана тапқан. Сол кезде онымен бірге Тайвань актері Кай Ко да ұсталған болатын.