Елдің Окинава аумағынан бастап соққан тайфун Токионы да басып өтті. Сұрапыл желдің жылдамдығы сағатына 219 шақырымға жеткен. Нәтижесінде, теміржолдар уақытша жабылып, әуежайлардың жұмыс кестесі де өзгерді. Ел аумағы бойынша 600-дей рейс кейінге шегеріліпті. Ал Мие префектурасында ауа райының қолайсыздығынан 2 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.
Метеорологтар «енді жауынның кесірінен лай көшкіні жүруі мүмкін», - деп ескерту жасап отыр.