Дженнифер Лопес Астанаға келді
07:47, 01 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Әлемге танымал жұлдыз «Астана Арена» стадионында жеке концертін береді.
Джей Ло мінген жеке ұшақ Мысырдан шығып, түнгі сағат екіде Астана әуежайына қонды.
Айта кетейік, әлемге әйгілі америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопес 10 тамыз күні Алматыда жеке концертін бермекші. Бұл — Лопестің Қазақстандағы екінші концерті болмақ.
Ал бүгін Jennifer Lopez-дің концертіне орай көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды.