Дженнифер Лопес елордадағы концертіне дайындалып жатыр
17:36, 01 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес пен оның командасы қазір «Астана Арена» стадионда соңғы дайындық жұмыстарын пысықтады.
Әйгілі әншінің концертін тамашалауға «Астана арена» стадионына елорда жұрты мен қала қонақтары ағылып жатыр. Ал 10 тамызда Алматының орталық стадионында кезекті концерті өтеді.
Айта кетейік, «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопестің елордада өтетін концертінен қанша экономикалық пайда түсетінін айтып берді.
Еске салайық, Астанада Jennifer Lopez концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылды.
Сондай-ақ Алматыға Дженнифер Лопестің концертін тамашалауға 29 елден көрермен келеді деп күтіліп отыр.