Дженнифер Лопес қазақ әншісінің каверін Stories-інде бөлісті

Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемге әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопес Instagram Stories арқылы қазақстандық орындаушының каверін жариялады.

Қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринова Дженнифер Лопестің «Ain’t Your Mama» атты хит әнін қазақ тіліне аударып, орындады. Әннің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін көп ұзамай кең тарап, 1,5 миллионнан астам қаралым жинады.

Осы жұмысты Джей Лоның өзі байқап, орындаушының каверін Stories-іне жүктеді. Бұл отандық орындаушылар үшін халықаралық деңгейде танылудың маңызды қадамы болып отыр.

Фото: Видеодан алынған скрин

Айта кетейік, Джей Ло концерті Алматыға 10 млрд теңге табыс әкелгені хабарланды.