Дженнифер Лопес пен Марк Энтони ресми түрде ажырасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Актриса және әнші Дженнифер Лопес пен орындаушы Марк Энтони ресми түрде ажырасты. I-onlain басылымының мәліметтері бойынша, отбасылық одақты бұзу туралы қажетті құжаттармен жұмыс Лос-Анджелестің сотында аяқталды.

Лопес пен Энтони ажырасатындары жайлы жеті жыл бірге тұрғаннан кейін 2011 жылы жариялаған болатын. Олардың 6 жастағы Макс және Эмми есімді егіз балалары бар. Сот оларға балалары үшін тең құқық берді.

Әнші күйеуінің тегін өзінің Муньис тегіне ауыстырғаны белгілі болды. Бұл - 44 жастағы Лопестің үшінші, ал 45 жастағы Энтонидің екінші некесі.

Американың БАҚ-қа жақында берген сұхбатында Лопес бұрынғы жұбайына деген сезімі әлі де бар екенін мойындады. Сонымен бірге, ол неке институтына сенетінін және тағы да тұрмысқа шығуға ниетті екенін жасырмады.

Лопес көрермендерге «Джек», «Поворот», «Незаконченная жизнь», «Давайте потанцуем» және «Клетка» фильмдері арқылы танымал.