Бұған дейін бұл аудандағы орташа жалдау бағасы:
— бір бөлмелі пәтер — 12-15 мың теңге
— екі бөлмелі пәтер — 20-25 мың теңге шамасында болған.
Алайда концерт қарсаңында кейбір пәтер иелері бағаны тәулігіне 45 000 теңгеге дейін көтерген. Жарнамада тікелей көрсетілген «31 шілде — 2 тамыз аралығы — 45 000 теңге. Джей Ло концерті!»
Еске салайық, Дженнифер Лопес бүгін, 1 тамыз күні, Астанадағы «Астана Арена» стадионында «Up All Night» атты әлемдік тур аясында концерт береді.
Бұған дейін, елордада Дженнифер Лопес концерті кезінде қозғалыс уақытша шектелетінін жазғанбыз.