«Сауд Арабиясынан Майклге ислам жайлы кітаптар әкелгенім әлі есімде, - деп еске алған Джермейн: - Ол осы кітаптардың бәрін мұқият оқып шықты», - деді.
Оның айтуынша, бүгіндері поп-жұлдыздың жора-жолдастары мен оның балаларына қараған адамдардың бәрі мұсылман болған. «Ол, меніңше, исламды шын жүрекпен қабылдады», - деді ол сөзін толықтырып.
Джермейн Джексонның өзі бас-гитарашы әрі сазгер. Өзге бауырлары мен әпкелері секілді «Иегова куәгерлері» рухында тәрбиеленген. Кезінде Джексон отбасының осынау діни ағымды ұстанғанын айта кету керек. muslim.kz сайтының жазуынша, 1989 жылы Джермейн Бахрейнде исламды қабылдап, есімін Мұхаммед Әбдіәзіз деп өзгерткен болатын.