Джерси аралындағы адамдарды отбасының әкесі пышақтап өлтіргені анықталды

Фото: None
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Полицияның анықтағанындай, алты адам қаза тапқан Джерси аралығындағы қанды оқиғаны мерт болған отбасының отағасы жасаған болып шықты.

Қаза тапқандардың барлығы мен қылмыскердің өзі де Польшадан барған азаматтар, деп хабарлайды Утро.ру.

Белгілі болып отырғандай, 30 жастағы Дамиан Жешовский әйелі онымен ажырасатынын айтқан соң өз-өзіне ие бола алмай қалған. Ол өз жарын, екі баласын, әйелінің құрбысы мен құрбысының қызын, сондай-ақ өз қайын ағасын өлтіріп тастаған. Кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғанымен тірі қалады, қазір қылмыскер ауруханада жатыр.