Қаза тапқандардың барлығы мен қылмыскердің өзі де Польшадан барған азаматтар, деп хабарлайды Утро.ру.
Белгілі болып отырғандай, 30 жастағы Дамиан Жешовский әйелі онымен ажырасатынын айтқан соң өз-өзіне ие бола алмай қалған. Ол өз жарын, екі баласын, әйелінің құрбысы мен құрбысының қызын, сондай-ақ өз қайын ағасын өлтіріп тастаған. Кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғанымен тірі қалады, қазір қылмыскер ауруханада жатыр.