«Дэннидің күшін Головкинмен кездесуінде тексергім келеді. Дэнни оған проблема тудырып қана қоймай, нағыз жекпе-жек ұйымдастыруға қауқарлы деп ойлаймын. Өкінішке қарай, бұл кездесу болмайтын сияқты. Мен Дэнни мен Головкиннің күш сынасуын қалар едім», - деген Розьенің сөздерін келтіреді Boxing Scene.
10:21, 03 Тамыз 2015
Джейкобс бапкері Дэннидің Головкинмен кездесуін тілейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің «тұрақты» чемпионы Дэниель Джейкобстың бапкері Андре Розье өзі жаттықтыратын спортшының WBA супер чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуін тілейтінін мәлім етті, деп жазды sports.kz.