«Мен Головкин - «Канело» жекпе-жегін тағатсыздана күтіп отырғандар қатарындамын. Бұл өте тартысты бәсеке болмақ. Қазір Альварес Головкиннің жойқын соққыларына қарсы тұра алады ма деген пікір төңірегінде әңгіме көп қозғалуда. Мен бұл жолы Голловкин жеңеді деп ойлаймын, ол орта салмақтағы ең мықты боксшы», - деді Джейкобс Fighthype.com-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.