«Оның барлық ерекшеліктерімен бірге, біз әрине, кемшіліктерін де таба аламыз. Оның кемшін тұстарын табу арқылы күшті қабілеттеріне тойтарыс беруге болады. Мен өзімді нағыз атлет, күшті боксшы деп есептеймін. Сондай-ақ, мен рингте қалай ойлауды білетін боксшымын. Мен оны дәл қазір соққының астына аламын деп айта алмаймын, бірақ жекпе-жекте көрсетемін», - деп Джейкобстың сөздерін келтірді ESPN Deportes.
11:47, 15 Ақпан 2017
Джейкобс: Головкинді жеңудің тәсілін онымен жекпе-жекте көрсетемін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Дэниэл Джейкобс ешқашан жеңіліп көрмеген Геннадий Головкинге қарсы айқаста қандай әдіс қолданатынын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.