«Маған бұл атмосфера ұнайды. Залдағы әрбір адам маған көмек көрсетуде, ақыл-кеңестерін беруде. Мен Головкиннен қорықпаймын. Дәл осы айқас үшін өмір бойы жаттықтым», - деді Джейкобс.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.