«Головкин мен оның командасының өз жоспарлары бар екенін түсінемін. Геннадий өз мансабының соңғы кезеңіне келіп қалды, сондықтан олар барын салып тырысып жатыр. Сол себепті менімен қарымта жекпе-жек өткізу оған қаржылық жағынан тиімсіз болар еді. Бұл айқастың тиімсіз екенін біле тұра жекпе-жекті өткізуге келісім беру - тәуекелге бас тігу. Ол дене бітімі шағын Канеломен жұдырықтасып, жанкүйерлер санын еселеп, көп табыс табады. Бизнес жағынан қарасақ, бұның маңызы зор. Әрине, мен 100% қарымта кездесудің өткенін қалаймын. Бірақ, егер GGG басқа бағытты таңдаса, оған ренжімес едім», - деп Boxingscene.com Джейкобстың сөзін келтіреді.
Еске сала кетейік, 18 наурыз күні 12 раундқа созылған айқаста Головкин төрешілердің бірауыздан шешімімен Джейкобстан басым түскен болатын.