«Головкин мамыр айында Сауль Альвареспен матч-реванш өткізуге дайындалып жатыр. Егер аталған қарымта жекпе-жек қандайда да бір себептерге байланысты болмай қалса, ол Джейкобспен шаршы алаңда қайта кездесе алады», - дейді Хирн BoxingScene-ке берген пікірінде.
Айта кетейік, Геннадий Головкин рингке мамыр айында қайта оралып, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуді жоспарлауда.