«Мен оның күшіне қалай баға берем? Егер оның күшін он балдық жүйемен есептесек, мен оған 8 балды қояр едім. Иә, шамамен солай», - деді Джейкобс.
Еске сала кетейік, 18 наурызда Геннадий Головкин Нью-Йорктегі "Madison Square Garden" сарайында өткен, 12 раундқа созылған жекпе-жекте американдық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, өз белбеулерін қорғап қалған болатын.