Джейкобс: Головкиннің күшіне тәнті болған халық кемшін тұстарын елегісі келмейді
12:16, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек қарсаңында баспасөз мәслихатында сөз сөйледі, деп хабарлайды Sports.kz.
- Біз бұл жекпе-жекке толық қаруланып келеміз. Головкиннің кемшін тұстары баршаға аян деп ойлаймын. Оның күшіне тәнті болған халық кемшіліктерін елегісі де келмейді. Менің жекпе-жекке деген жоспарым - өзімді жақсы қырымнан көрсету және оның күшін мейлінше азайту. Егер мен қорғанып үлгерсем, мені тамаша кеш күтіп тұр, - деді Джейкобс.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді.