«Джейкобс - мен үшін мықты қарсылас екенін жақсы білемін. Бұл екі чемпионның тартысты жекпе-жегі болмақ. Ол үздік әуесқойлық мансабы қалыптасқан боксшы.
Оның соңғы айқасындағы қарсыластары мықты жігіттер болды. Бұл жекпе-жектен 100 пайыздық қысымды сезгеніме қарамастан, өзімді жақсы сезінемін. Бұл айқасуға тұрарлық жағдайда, айқасуға тұрарлық қарсыласпен өтетін нағыз бизнес», - деген ойын білдірді қазақстандық Los Angeles Times журналистеріне сұхбат берген кезде.
Оның айтуынша, бұл оның мансабындағы ең үлкен қадам. «Келесі қадамым одан да маңыздырақ. Біз тарих үшін айқасамыз. Джейкобс менің бұрынғы қарсыластарыма қарағанда әлдеқайда күштірек. Қарсыластарымның ішіндегі ең қауіптісі дер едім. Бұл бокс үшін де, менің келешегім үшін де қауіпті», - деп сөзін түйіндеді Головкин.