Актердің өлімі туралы ақпаратты әулие Агния медициналық орталығының өкілі растады. Кил мұнда өмірінің соңғы күндерін өткізген.
Бойы 2 метр 18 сантиметрді құраған актер ағзада өсу гормонының көптеп бөлінуінен туындайтын акромегалия ауруы тудырған артық салмақтан жапа шеккен. Ауруына қарамастан, Кил 70-тен астам фильмдер мен телевизиялық телехикаяларға түскен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.