Джеймс Дигейл: Головкиннің Канелоға қарсы жекпе-жегі - бокстағы ең тартысты айқастың бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші орта салмақта рингке шығып жүрген британдық боксшы Джеймс Дигейл On the Ropes Boxing Radio берген сұхбатында Геннадий Головкин - Сауль Альварестің ықтимал айқасы жайлы ойымен бөлісті, деп жазды Sports.kz.

- Головкиннің Канелоға қарсы жекпе-жегі - бокс тарихындағы қазіргі сәттегі ең тартысқа толы айқас болары сөзсіз. Мен Головкинге басымдық берер едім, алайда бұл бокс, оларды екеуі де мықты.