Джеймс Доран-Уэббтің ағаштан жасаған ғажайып мүсіндері (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Филиппинде тұратын британдық суретші Джеймс Доран-Уэбб - өзгеше шебер. Ол осыдан 25 жыл бұрын ағаштан жануардың алғашқы мүсінін жасады.

Бес жыл өткен соң өзгеше пішіндегі ағаш кесінділерін жинай бастады.

Суретші мүсіндердің қозғалысын құрып, жансызды жандыға өзгерту үшін көп күш-жігерін жұмсауда, деп жазады billionnews.ru.